{"schema":"qazpolit.research-bundle.v1","exported_at":"2026-08-18T05:44:09.244513+00:00","canonical_url":"https://qazpolit.com/kz/aktivisty/shorayev-arman","identity":{"slug":"shorayev-arman","title":"Шораев Арман Төлегенұлы","entity_type":"person","entity_type_label":"Тұлға","category_slug":"aktivisty","category_name":"Белсенділер","display_summary":"","updated_at":"2026-03-14T20:31:27.391179"},"aliases":[{"alias":"kzshorayev-arman","lang":null,"alias_type":"legacy_slug","is_primary":false}],"identifiers":[{"scheme":"qazpolit","value":"shorayev-arman","is_primary":true}],"sections":[{"heading":"Материалдар мен контекст – 1","content":"«Айрықша ештеңе бола қойған жоқ, мен кейінгі екі-үш жыл ішінде мені осы лауазымнан босатуды өтіндім, өйткені менің ойымша, бір лауазымда 8 жыл жұмыс істеу өте ұзақ, мен брежневщинам жоқ адаммын. Мен үшін бұл сөзсіз баға жетпес тәжірибе болды, бірақ сонымен бірге әрі қарай дамып, алға жүруіміз керек. Сонымен қатар, менің көптен бері жалдамалы директор емес, өзім үшін жұмыс істегім келеді, ол үшін менде бәрі бар. Менің өз жобаларым бар, соның ішінде өзім құрған „Барыс“ қоры және басқа да жобаларым бар, сондықтан мен үшін бұл жаңа мүмкіндіктер».\n\nАлайда, Шораевтың кетуі оның шешімі емес деген қауесет тарады. Арман Төлегенұлының тұсында арнада ақпараттық бопсалаудың қылмыстық ізі пайда болды.\n\nАймақтық әкімдер айла-шарғы жасау объектілері айналды деген қауесет тарады, оларға екі нұсқа ұсынылған-мыс: жағымсыз прайм-таймға қосу немесе белгілі бір қоғамдық бірлестікті қолдау ретінде белгілі бір ақша аудару. «КТК» басшысының әрекеттері туралы арна акционерлеріне белгілі болып, ішкі талқылаулардан кейін Шораев бұрынғы жұмыс орнынан «абыроймен» кетті.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]},{"heading":"Материалдар мен контекст – 2","content":"ҚБ-ға келетін болсақ, Шораев «КТК» басшысы бола тұра, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорын белсенді түрде ілгерілете бастады. Кейін телеарнадан масқара болып шығып қалуынан кейін дәл осы жобамен жан берісіп айналыса бастады. Бірақ мұнысы спорттық ірі даулардан құтқара алмады. Олар әділетсіз төрешілікпен, қатысушылардың лайықсыз мінез-құлқымен, допинг үшін дисквалификациямен байланысты болды.\n\nБірақ, спорттық «жетістіктерден» басқа, Шораев өзін идеологиялық тұрғыдан да көрсетіп, қарапайым қазақ ұлтшылының өзіне айналып шыға келді. 2018 жылы ол Марғұлан Боранбайдың мәнерінде қостанайлық адвокат Евгений Вожжовтың тұрғылықты жері туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы беруге уәде берді. Соңғысы Фейсбукте қазақ әйелдеріне қатысты өте еркін мазмұндағы пост жариялаған еді.\n\nВожжовтың мекенжайын Шоураев ақыры тапты. Ол Facebook-парақшасында адвокатпен кездескені туралы айтты:\n\n«Бүгін Вожжовпен кездестім. Біздің кездесуіміз оған ештеңе болмайды деп көндіргеннен кейін ғана мүмкін болды, оның аяқ-қолы сау болатынына сендірдім.\n\nКөрудің өзі аянышты дей аламын. Бұл адам шын мәнінде қорқып қалған, есін жоғалтардай күйде. Әр сөзіне өкінетінін, кешірім сұрайтынын қоса береді. Әкесі де қазақша білетін болып шықты, балалары да балабақшада қазақ бөліміне барады екен. Шын-өтірігін тексеріп жатпаймын. Бірақ бұл бастысы емес. Бастысы, бұл адамның басында „вата“ еселеніп азайыпты.\n\nЕң бастысы, виртуалды кейіпкерлер – Кремльшіл нацистер мен сепаратистердің неше түрлісі енді бір нәрсені түсінуі керек – абайсызда жазылған кез келген сөз үшін олар нақты өмірде дербес жауап беруі керек. Біздің кездесуіміз қасиетті Рамазан айының қарсаңында өткені үшін Евгенийдің жолы болды».\n\nШораевпен Евгений басқа уақытта кездессе не боларын бұрынғы медиа-менеджер айта қоймады. 2018 жыл ұлтшылдар үшін «ведьма» аулаудың сәтті жылы болды. Шораев пен Серікжан Мәмбеталин бастаған ұлттық патриоттардың бәрі «Қазконтент» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкиннің сөзіне шүйлікті.\n\nЭкономист Рахым Ошақбаевтың қолына Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша тергеудің аяқталғаны туралы Горожанкиннің мынадай жазған пікірі түскен: «Бұл тұқымнан. 19 ғасырдағы Қазақстандағы саяхатшылардың жазбаларында жергілікті тұрғындар арасында гомосексуализм және қаскөйлік туралы жиі айтылған».\n\nОсы кезде ұлттық патриоттар баланы бірден ұмытып, бар назарын Горожанкинге аударды. Шораев пікір авторына «мұрнын бет қылатынын» айтты, бірақ соңында оны сотқа беруге «келісті».\n\nҚазақ ұлтшылы Шораев Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа аса мұқият шолып отырады, бұл оны осы әлеуметтік топтың басқа өкілдерімен байланыстырады. Оның әлеуметтік желілердегі парақшасы толығымен анти-ресейлік және анти-путиндік посттармен көмкерілген.\n\nАл бүкіл Украинаға деген сүйіспеншілік соншалықты зор, 2020 жылдың тамызында Арман Шораев Марғұлан Сейсембаймен және басқа да азаматтық белсенділермен бірге Киевке – Михаил Саакашвилимен кездесуге барып, соңғысына шапан жапқаны бар.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]},{"heading":"Материалдар мен контекст – 3","content":"Арман Шораевтың өзі де өз посттарында өте сақ жүре алады десек өтірік болып кетер. Ол тіпті қылмыстық іс бойынша айыпталушы болған жайы бар. 2020 жылдың сәуірінде ол Қарағандыда төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталды.\n\n«Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы шындыққа сәйкес келмейтін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Өз іс-әрекеттерімен А. Т. Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру қаупін тудырды», – деп түсіндірді полиция.\n\nЕкі күннен кейін адвокат Жохар Өтебековтің күшімен Арман Шораев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, ал оның парақшасында мынадай хабарлама пайда болды:\n\n«Арманның үндеуі. Құрметті достар, маған тағылған айыптар бойынша мынаны түсіндіремін. Төтенше жағдай мен карантин кезінде расталмаған ақпаратты жариялағанына өкінемін. ТЖ және карантин режимін бұзбауға және тексерілмеген материалдарды жарияламауға міндеттенемін. Құрметпен, Арман Шораев».\n\n25 сәуірде Өтебеков былай деп мәлімдеді: «ІІМ тергеушісі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Арман Шораевқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату туралы қылмыстық істі тоқтатты!».\n\nБұлтарыстардан құтылып щыққан Шораев Bank RBK басқарма төрағасы Наталья Акентьеваға мен банк иесі Владимир Кимге қарсы шабуылды бастады, 2020 жылдың маусымында оларды «біздің еліміздегі сепаратизмнің негізгі көшеттері» деп атады:\n\n«Жақында біздің елдегі Он ТВ телеарнасының толқындарында түбегейлі „ватаға“ айналып кеткен және агрессивті ресейлік „Звезда“ телеарнасы жұмысын бастады. Бұл Кремль өзінің көршілеріне және басқа да милитаристік авантюраларына агрессиясының логикасын түсіндіруге тырысатын арна.\n\nСөйтіп, ол өзінің барлық контентін мемлекеттік тілге адал аударады. Енді, менің ана тілімде, Абай тілінде ол бізге, қазақтарға Украина мен украиндар, Грузия мен грузиндер, Молдова мен молдавандар қандай жаман екенін және Қырым неге Ресей екенін түсіндірумен әлек.\n\nБізге жартылай ватаға айналған ОРТ аз болғандай, енді осындай зомби арнасы қосылды. Сонымен қатар, бұл арна OTAU TV-де таратылатын тегін арналар пакетінде.\n\nОсыдан кейін Ким ен бикештің не қатысы бар деп сұрасаңыз, телеарна иесі РБК банкі».\n\nҚазақстанның сол кездегі ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Шораевтың жазбасына оң көзқарас танытып, 1 шілдеде әлеуметтік желілердегі парақшасында арнайы мәлімдеме жасады, онда ол барлық телеарнаның редакторларынан осындай әскери-тарихи және ғылыми танымал бағдарламаларды таратуды тоқтатуды талап етті.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]},{"heading":"Материалдар мен контекст – 4","content":"2021 жылдың 27 мамырынан бастап Марғұлан Боранбайдың серіктесі Эльмар Құсайынов екі жазба жариялап, оны саяси қайраткерлерге, қоғам белсенділері мен блогерлерге арнады, ол үндеуінде уақытша ұстау изоляторында жатқан Марғұлан Боранбайды қолдауға шақырды.\n\nӨз жарияланымында ол бұрынғы медиа-менеджер Арман Шораевты, пиязшы Мұхтар Тайжанды, блогерлер Ғалым Байтұқты, Шолпан Әли мен Жанна Ильичеваны, жалықаралық құқық бойынша заңгер Руслан Түсіпбековті, нұротандық Айдос Сарымды, саясаттанушылар Расул Жұмалы мен Дос Көшімді, жылқышы Қанат Тісібековті, депутат Ерлан Саиров пен Қазыбек Исаны, бұрынғы шенеунік Мұрат Әбеновті, ұлтшыл Қуат Ахметов, адвокат Бауыржан Азанов, «Ақ жол» лидері Азат Перуашев және басқаларды белгіледі.\n\nАлдымен Мұхтар Тайжан оңшыл көшбасшыға деген адалдығын дәлелдеуге тырысты, бірақ кейіннен жазбадан белгіні алып тастады. Мұнысы дұрыс болған сияқты: жаңадан құрылған Жер комиссиясының мүшесі үшін мұндай қолдаудың уақыты емес.\n\nАрман Шораев болып жатқан жағдайға өзінің қатыстылығы туралы тұспал қалдырмай, белгіні үнсіз ғана алып тастады.\n\nҒалым Байтұқ алдымен пікір жазып, кейін өзінің досы Марғұланға адал екенін растай отырып, бірнеше жарияланым жасады. Алайда, мұнда достық қана емес, қаржылық қатынастар да бар сияқты. «Қазақстанның Интернационалы» лақапатымен тіркелген қолданушы өз пікірінде Боранбай Байтұқ арқылы ҚР Қоғамдық даму министрлігінен жалпы алғанда 300 млн теңгеге жуық қаражат алғанын атап өтті.\n\nНегізі бұл ақша тарихтағы маңызды тарихи кезеңді, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылықты зерттеуге бағытталуы керек еді. Алайда, «Қазақстанның Интернационалының» нұсқасы бойынша Байтұқ пен Боранбайдың қалтасына кеткен соманың басым бөлігі ботоферма құруға жұмсалған, оның көмегімен Қазақстанның ұлы ұлтшылдары әлеуметтік желілерде өзара ұлттық негізде дауласқан ұлтшылдық және ресейшіл сипаттағы фейктерді жасады. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс жасанды түрде жасалып, нақты қолданушылар дауға тартылды.\n\nАзанов, Тісібеков, Түсіпбеков Боранбайға қолдау білдірді. Ильичева, Әбенов, Перуашев және тағы басқалар постты елеусіз қалдырды.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]},{"heading":"Материалдар мен контекст – 5","content":"2021 жылдың сәуір айынан бастап Арман Шораев Фейсбуктен жоғалып кетті. Алайда ілуде бір сұхбаттар беріп жүрді. Мысалы, «Qasqa Jol» youtube-арнасына берген сұхбатында ол ЛГБТ қауымдастығының өкілдері үкіметте жұмыс істейтінін және олар бір-бірін қолдайтынын айтты.\n\nБіраз уақыттан кейін тағы бір сұхбатында Шораев Қазақстанға талибанның қаупі туралы пікір білдірді. Өте нашар шықты.\n\n«Кейінгі күндері маған Талибан, Ауғанстан туралы жиі сұрақ қойылады, сондықтан мен қазақтар үшін, Қазақстан үшін жақын болашақта талибаннан ешқандай қауіп жоқ деп айтқым келеді. Бізде, Өзбекстан мен Қырғызстандағыдай, өзіміздің ішкі проблемаларымыз жеткілікті, оларды біз бірінші кезекте шешуіміз керек…\n\nАуғанстан – біздің әрқайсымыздың басымызда, әрбір қазақ - тәліп», – деген қорытындыға келді Шораев.\n\nШораев Facebook-те тек 2022 жылдың 9 ақпанында әлеуметтік желі оны 9 айға «банға тыққанын» айтты. Шындыққа жанаспайды, бірақ өзіне ыңғайлы. Қаңтардағы бүлік туралы ештеңе айтпаудың амалы болды.\n\n17 ақпанда қоғамдық белсенділер «қазіргі сәтті және елдің болашақ дамуын бағалау туралы арнайы мәлімдеме жасады».\n\nҚол қоюшылар компаниясы да жетісіпті: Арман Шораев, Бақытжан Бұхарбай, Бақытжан Төреғожина, Жохар Өтебеков, Ермұрат Бәпи, Дина Елгезек, Досым Сәтбаев, Қарлығаш Еженова, Марғұлан Сейсембай, Мұхтар Жәкішев, Санжар Боқаев, Тоғжан Қожалиева.\n\nӨз жазбасында олар «Республиканың болашақтағы жағдайына қатысты өз ұсыныстарын кең жұртшылыққа және ел басшылығына жеткізуді» ұйғарыпты.\n\n«Біз қаңтардағы қайғылы оқиғалардың куәсі болдық, оның себебі адам құқығын таптап, демократияның барлық институтын тұншықтырған қатал және әділетсіз автократия режимі болды. Біз мұны айыптаймыз.\n\nБіздің қоғамның қайғылы қаңтарда жасаған құрбандықтары бекер кетпеуі үшін біз елдің болашағы туралы өз көзқарасымызды ұсынамыз», – делінген үндеуде.\n\nҚол қоюшылар бірнеше ұстанымын атап өтті, бұл қағидаларды ұстану «адами капиталдың дамуын және бүкіл әлемдегі барлық талантты отандастарымыздың елге оралуын барынша қамтамасыз етеді»: бостандық, әділет, мүмкіндіктер теңдігі. Әрі қарай, шындық пен реализмге ешқандай қатысы жоқ ұзақ ойлар болды.\n\nТек 11 ақпанда Шораев қаңтар трагедиясы туралы хабардар екенін айтты. Бірақ оппозицияның әдетіне салып, наразылығын бүлікшілерге бағыттай қоймады.\n\n«Ішкі істер министрі және азаптауға қатысы бар барлық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс», – деп жазды ол.\n\n14 ақпанда Шораев «Слава Украине!» деуін бастады, келесі күні - аватарын ауыстырып, оған украин туын қойды. Ал, 24 ақпанда нағыз русофоб Арман Шораевтың жұлдызды сәті басталды.\n\nАрман Шораев, Тоғжан Қожалиева, Досым Сәтбаев, Вадим Борейко, Дәулет Әбілқасымов және Марат Тұрымбетовтер Украинаға көмек ретінде қаражат жинайтынын жариялады. Бұл істі Украинаның Қазақстандағы елшісі қолдай жөнелді.\n\nҚазақстандықтар – бірі эмоциямен, ал бірі бүкіл орыс атаулыға өшпенділік сезімімен Тоғжанның жеке картасына жалпы сомасы 150 млн теңге жинап берді. Осыдан кейін біртүрлі оқиғалар. Блогер Антон Бударов бұл жағдайға шам ала түсіпті.\n\n«Қазақ ұлтшылдары Украинаға гуманитарлық көмек үшін жинаған ақшасын Украина елшісі Петр Врублевскиймен бірге жымқырды. Берген есебінде басқа адамдардың видеолары мен фотосуреттері ұсынылды», – деп жазды ол.\n\nБударовтың зерттеуі бойынша, оқиға хронологиясы мынадай: 2022 жылғы 6 наурызда Алматыда Украинаны қолдауға арналған митинг өткен, онда Тоғжан Қожалиева жиналған 300 мың долларға Украинаға гуманитарлық бағытпен 6 рейс жіберілгенін мәлімдейді.\n\n«Одан есебі сұрала бастағанда, ол ашуға ерік беріп, бәрін „ватник“, „путиноид“, „Кремль агенттері“ деп бәрін қорлай бастаған. Құжаттарды бермей қойған. Бұл оның қызметіне деген қызығушылықты арттырып, ол енді белгісіз себептермен мерзімі сәйкес келмейтін чектерді жариялай бастады. Сөйтсек, чектерді „қолма-қол ақшаға айналдыру компаниялары берген“.\n\nШағым күш алып кеткен соң ол сыбайластарымен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында ешкім ешқандай құжат көрсеткен жоқ, ол барлық деректі жоққа шығарып, папкасын ербеңдете берді», – дейді Бударов.\n\nБұдан әрменгісі тіпті қызық. Журналистердің өтініші бойынша Украина елшілігінің қызметкері жүк құжаттары мен есеп ұсынды, олардың ішінен инвойстарда бағалар кейбір позицияларға 5 есеге дейін көтерілгені, сондай-ақ 400 кг ұнтақталған бұрыш жіберілгені белгілі болды. Ал осы бұрыштың бағасы төрт есе жоғары болып көрсетілген.\n\nСол баспасөз мәслихатында Арман Шораев Украинаға гуманитарлық көмек ретінде брондалған жилеттер жіберілгенін айтты. Ал бірақ брондалған кеудешелерді жіберу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады – ҚР ҚК-нің 275-бабы (7 жылға дейін).\n\nАйтпақшы, кейбіреулер Шораев бүгінде Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Президент Әкімшілігінің бұрынғы бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевпен достық қарым-қатынаста екенін айтады. Дәл осы Кәлетаевтың өтініші бойынша Шораев Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кірген, бірақ кейінірек бұл органнан кетуге мәжбүр болды.\n\nДәл осы Кәлетаевпен, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Бозымбаевпен достығы Шораевты оппозициялық қызметке итермеледі деп есептеледі - дәл осы адамдар ҰҚК-де оған қатысты жинақталған компромат елге тарап кетпеуі үшін тер төккен делінеді. Бірақ бұл қауесет.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]},{"heading":"Материалдар мен контекст – 6","content":"24 ақпаннан бастап Арман Шораевтың «орыс әлеміне» қатысты риторикасы күннен-күнге агрессив бола бастады. Кейде ол тіпті Қазақстанның орыс тілді азаматтарына да қарата айтыла бастады. Шораевтың біржақты мәлімдемелерін оның көптеген ізбасары қабылдап, барлық әлеуметтік желіде таратты.\n\nШораевтың бейнесі демалыстағы әскери адам сияқты болды. «Гитлерюгенд» әскери стилі мен шаш қиюы, сондай-ақ өзінің коммуникациялары үшін бұрынғы КҚК топ-менеджері таңдаған жеккөрушілік пен араздық тілі оны әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінің бас ұлтшылына айналдырды.\n\n2023 жылдың ақпан айында Арман Шораев «Тіл туралы» Заңға өзгерістер енгізуді талап етті. Ол Конституцияның мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатыны туралы бабын алып тастау қажет деп санады.\n\n«Менің ойымша, тек қазақ тілі қазақ жерінің аумағында мемлекеттік және ресми тіл болуы керек», – деді Шораев.\n\n2023 жылдың маусым айында Арман Шораев мынадай мазмұндағы постын жариялады:\n\n«Қонаев казиносындағы Лепстің өнер көрсетуіне кедергі келтірген адамға 1 миллион төлеймін. Лепс – Украинадағы „Леопард“ танкін жойып жіберетіндерге 1 миллион уәде берген бәле».\n\nРесейлік орындаушы Григорий Лепстің концерті 8 шілдеде Қонаев қаласындағы казинолардың біріне жоспарланған болатын. Бұған дейін «Русская Медиагруппаның» жабық іс-шарасында ресейлік жұлдыздар жауынгерлерді қолдау керегін талқылаған. Олар қазір «арнайы әскери операция» деп аталатын аймақта орналасқан Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің қызметкерлеріне Украинаның әрбір танкі үшін миллион рубль төлеуді ұсынды. Григорий Лепс олармен келіскен.\n\nШораев пен оның командасының күшімен Лепстің концерті өтпейтін болды.\n\nСол айда «В гостях у Гордона» YouTube-арнасында украиналық журналист Дмитрий Гордон Арман Шораевпен сұхбат жүргізді. Соңғысы керемет манипуляцияларды қолданудан ұялмады және сұхбат барысында тек агрессияны күшейтті.\n\n«Қазақстан – Ресей Федерациясының абсолютті вассалы – экономикалық және саяси тұрғыдан. Осы 30 жыл ішінде Ресей қазақ мұнайын экспорттауға тыйым салды. Біз теңізге шыға алмайтын елміз. Біздің барлық мұнайымыз КҚК арқылы, Ресей аумағы арқылы Новороссийск портына өтеді. Ал КҚК-дан ажыратылған кезде – бұл экономикалық шантаж болып шықты», – деді Шураев.\n\nСонымен қатар, Шораев Қазақстан Ресей оккупациясында үштен бір бөлігін құрайды деп мәлімдеді.\n\n«Қазақтың Байқоңыр қаласы тиын-тебенге жалға берілген – ол жақта орын бағдарламасымен оқытатын орыс мектептері жұмы істеп тұр, қазақ балаларының әліппесінде президенті деп Путин көрсетілген. Қарағанды облысында, Приозерск қаласында ресейлік база, 10 мың штык орнатылған. Алматы төңірегінде, шекарада стратегиялық мәндегі әскери зымыран базасы бар, ол да ресейлік. Біздің жамау-жамау шекарамызды айтпай-ақ қояйын. Кейбір коллаборанттарымыздың бұйрығымен контрабандамен жеткізе беруге болады…\n\n… Тоқаевтың қолы байлаулы. Егер Украина жеңсе, Путинге кішігірім соғыс қажет болады. Қазақстан бұл жағдайда оңай нысана болып отыр, себебі біздің әскер ресейлік әскердің клоны, тура солай деморализацияланған, техникасы 70−80-жылғы, тура сондай жемқор генералдар. Солтүстік Қазақстан бір аптадан артық тұра алады деп ойламаймын», – дейді Шораев.\n\nОның айтуынша, «Қазақстанда маңызды ресейлік лобби жұмыс істейді, Симоньянның жыландары, ФТБ мен ФСР тыңшылары біздің қалаларымызда толып жүр». Гордонмен әңгіме барысында Шораев Тоқаевтың «Анастас Микоян сияқты ағындар арасында» әрекет етуге тырысатын кәсіби дипломат екенін ұмытпауға шақырды.\n\nГордон Шораевқа берген сұхбатында «олар» (ол Путин мен ресейлік шенеуніктерді меңзеген болуы мүмкін) «ұзақ уақыт бойы – бір жылдан астам уақыт – мен Украинадағы ұстанымымды нақты көрсетіп, Путинді фашист және басқыншы деп атағаннан бері, олар менің аузымды жабуға мүмкіндік іздей бастады» деп шағымданды. Алайда, оның айтуынша, олар оған ешқандай компромисске келе алмаған және «бұл күндері олар өте жаман және арсыз әрекеттер жасайды».\n\n«Олар менің қарындасым Әспетке қатысты жалған айып тақты. Оны шекарадан шығармай, конституциялық нормаларды бұзды, қозғалыс еркіндігін шектеді. Себебі ол мәртебесі бойынша айыпталушы да, [күдікті де] емес. Олар, соның ішінде менің үйімде, менің қарамағымда „Қазақстан Барысы“ үлкен спорттық жобасында жұмыс істеген адамдарың үйінде тінту жүргізеді. Бұл біздің ұлттық күресіміз. Маған, менің отбасымның мүшелеріне, достарыма тәулік бойы бақылау орнатылды. Телефондар тыңдалады. Олар менің телефондарымды тартып алды, қазір олар менің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды бұзуға тырысып жатыр. Бұл жаңа Қазақстан емес, мен 1937 жылы оянғандай күй кешіп жүрмін. Тергеушілер бірнеше сағат бойы жауап алады. Менің қарындасым сабырлы, өте мейірімді қыз, төрт тіл біледі, өте табысты адам – оны қорқытып-үркітіп жатыр. Оның кішкентай ұлы бар. Бизнес бойынша ол Түркияға ұшуы керек еді – ол елден шығарылған жоқ. Мен бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырадым. Олардың міндеті – менің аузымды жабу. Әйтеуір темір тордың арғы бетіне қамау. Олар сыбайлас жемқорлық схемасын ойлап тапты… Олар ауадан қандай да бір үлкен соманы ойлап тапты, бірақ мен қаржыландыруға ешқандай қатысым жоқ… Менің отбасым Украинаны қолдайтын ашық ұстанымым үшін азап шегіп жатыр», – деп қынжылды Шораев.\n\nШораев Гордонға «олар» оның бюджеттен миллиард теңге ұрлағаны туралы тезисті жаза беретін сатушы блогерлерді жалдағанын айтты. Шораевтың адвокаттары бұл істердің болашағы жоқ деп санайды.\n\n«2016 жылғы іс ескіруіне байланысты тіпті бұрын-ақ жабылуы керек еді. Бірақ олар нафталиннен шығарылып, қазір квазимемлекеттік және биліктің бақылауындағы БАҚ арқылы шығаруға тырысып жатыр. Шораевтың қоғам қайраткері емес, ашық позициясы бар адам емес, сыбайлас жемқор екенін көрсету. Бірақ егер мен сыбайлас жемқор болсам, мен бұрышта тыныш отыратын едім және күңкілдемейтін едім. Сондықтан, құдайға шүкір, Қазақстандағы адамдар маған сенеді. Менің ойымша, бұл адамдардың 99%-ы бұл далбасаға сенбеді.\n\nДмитрий, егер кенеттен маған немесе менің отбасы мүшелеріме бірдеңе болып қалса – қамауға алынып, ұстаса, сіз бұл менің атымдағы Қазақстан билігінің Ресейдің мемлекеттік тапсырысын орындап жатқанының дәлелі екенін түсінуіңіз керек. Менің ойымша, бұл Ресейдің арнайы қызметтерінің тапсырысы бойынша, Ресей Федерациясы президентінің тапсырысы бойынша маған және менің отбасыма бұрын-соңды болмаған қуғын-сүргін болып жатыр», – деді онлайн-батыр Шораев.\n\n2022−2023 жылдары Шораев Украинаның ақпараттық порталдарында жиі қонақ болды. Мысалы, 2023 жылдың наурызда ол сол жерде Қазақстан «өкінішке қарай, митингілерде әрбір полицейдің қолында жауынгерлік оқ-дәрілерімен Калашников автоматы бар» деп мәлімдеді. Бұл, ең болмағанда, мүлдем шындыққа жанаспайды.\n\nСондай-ақ, ол өзіне түсінікті себептермен Қазақстанды украиналық-ресейлік қақтығысының орбитасына тартуға үнемі ұмтылады, дегенмен президент Тоқаев бұл мәселеге бірнеше рет елдің ресми ұстанымын білдірді. Мәселен, украиналық телеарналардың бірінде Мәжіліске сайланар алдында Шораев «саясаткерлердің басым бөлігі украиналық ұстанымға ие» және «көптеген (кандидаттардың ішінен – еск.) біз өзімізге «Біз Украинамен біргеміз» деген ұран айтқанын мәлімдеді.\n\nОл Қазақстан Республикасында, атап айтқанда Парламентте «қазір ресейшіл көзқарастағы адамдардың едәуір бөлігі бар», бірақ «елдің оппозициялық күштері Украина мен Грузия сияқты Ресейдің ықпалынан тәуелсіздік алу үшін күресетінін» атап өтті.\n\nШораев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде 300-ге жуық қазақ қаза тапқанын және «мұны Қазақстан аумағына кірген Ресей әскері жасаған» болуы мүмкін екенін атап өтті.\n\n«Белсендінің айтуынша, қолында қазақтардың қаны бар ресейлік теңіз десантшылары бір жарым айдан кейін Киевтің қоластында болып, Украиналық әскерге қарсы ұрыста толығымен жойылды.\n\n– Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Украина әскеріне алғыс айтқым келеді, қазақтардан кек алған, осы каннибалдар мен өлтірушілерді жойған украиналықтарға алғыс айтқым келеді», – деп жазды украиналық БАҚ.\n\n2023 жылы наурызда Қазақстанда Украинаның жаңа елшісі – Сергей Гайдай, бұрын Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы пайда болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Ол мұндай лауазымға ие бола алатынын растады. Шораев бұл жаңалыққа украиналық БАҚ-қа пікір білдіре отырып, бұл «Ресей үшін зор дауысты, ауыр шапалақ» болады деп болжады.\n\n«Бұл нағыз бандералық, жауынгерлік тәжірибесі бар адам. Бұл туралы ресейлік үгіт-насихат барлық теледидардан айтып, жан дауысы шығады. Украинаның осындай лайықты ұлы оны біздің елде бейнелейтініне қуаныштымын. Өйткені, Қазақстанда дәл осындай адам қажет. Біз оған барлық жағынан көмектесеміз», – деп Арман Шораев Гайдай туралы пікірінде қуанышын жасырмады.\n\nКейін Гайдайдың кандидатурасын қазақстандық СІМ келіспегені белгілі болды.\n\nУкраинаны онлайн-қолдаудың қарбаласында Арман Шораев Мәжіліс депутаттығына кандидат болып, 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауға қатыса алды. Алайда әлеуметтік желілерде таратылған үгіт-насихат фотосуреттерінде Қазақстан парламентінің төменгі палатасына кандидат Шораев қандай да бір себептермен Украина қарулы күштері мен «Азов» типіндегі әскери құралымдардың шеврондары бар күрте киген.\n\nСонымен бірге, Шораев сайлауалды штаб құрудан, үнқағаздар мен баннерлер қоюдан, тіпті әдеттегі сайлау бағдарламасынан бас тартты: белсенді орыс тілінің ресми мәртебесінің жойылуын басты және жалғыз уәде деп атады.\n\nШораев қандай да бір себептермен осы сайлауда оның тікелей бәсекелесі емес ҚКП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевты басты қарсылас ретінде таңдады, өйткені ол партиялық тізім арқылы сайлауға түседі. Ертісбаев пен Шораев арасындағы жанжал тіпті сотқа дейін жетті.\n\nШораев Халық партиясын «сатқындар» деп атап, ал 5 наурызда партия ар-намысты қорғау туралы талап арыз берді, талап қоюшы ретінде Нұрия Балтабайқызы ҚКП атынан сөз сөйледі. Сот Шораевты кінәлі деп тауып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салды.\n\nАрман Шораев сотта да, сайлау да жеңіліске ұшырады.\n\nРасталмаған ақпарат бойынша, Шораев миллиард теңге жымқырғаны үшін жазадан қорқып, Қазақстаннан қашып кеткен және қазіргі уақытта Солтүстік Кипрде. Алайда шілде айының аяғында Шораев әлеуметтік желілерде өзінің Қазақстанда екенін және ешқайда кетпегенін мәлімдеген видео жариялады. Алайда ол сол видеосында күндерді шатастырып алған, сондықтан бұл алдын ала жазылған видео деген күмән бар.","evidence_status":"compiled","evidence_note":"Сформировано из уже импортированного полного текста профиля; точная привязка каждого утверждения к первичным источникам требует отдельной редакционной проверки.","source_url":null,"source_title":null,"quote_evidence":[]}],"claims":[],"statements":[],"statement_context":{"schema":"qazpolit.statement-context.v1","groups":[],"policy":"Different published values remain visible with source and time context. Overlap or an explicit contradicts stance does not determine which value is true."},"documents":[],"events":[],"relationships":[],"references":[],"mentions":[]}