Жылға сотталды. Негізгі жазадан бөлек, Алеховаға да 3 жылға кәсібінен шеттетілді.Ал 21 шілдеде саяси сатирасымен танымал журналист, "Ахуал Сегодня" YouTube арнасының авторы Азамат Омаров екі айға қамалды. Оған "алауыздық қоздырды" деген айып тағылған. Омаров қазіргі биліктің саяси шешімдерін әзіл араластырып, көрерменге жеткізіп келген. Оның YouTube-тегі аккаунты өзі қамалғаннан кейін өшіп қалды.Одан бөлек, тамыздың ортасында сот Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкенованы 8 жылға бас бостандығынан айырып, кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындауды екі жылға шегерген. Оған да кәсіби қызметпен айналысуына тыйым салды.Құқық қорғаушылар мұны сөз бостандығын шектеу және медиакеңістіктегі ішкі цензураны күшейту деп бағалады.
жылға сотталды. Негізгі жазадан…
Why this index
- Reach
- 16%
- Match
- 100%
- Date
- 100%
- Source
- 97%
- Originality
- 100%
- Cluster
- 23%
- Text quality
- 100%